Муайтайдан әлем чемпионатын өткізу туралы Қазақстан Республикасы 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң және Дүниежүзiлiк муайтай халықаралық федерациясының (IҒМА) 2003 жылғы 1-9 қыркүйекте Алматы қаласында муайтайдан әлем чемпионатын (бұдан әрi - әлем чемпионаты) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қоса берiлiп отырған әлем чемпионатына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi мен Алматы қаласының әкімі әлем чемпионатына дайындықты және оны Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткізудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі әлем чемпионатына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн. 5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қоғамдық тәртiптiң сақталуын, әлем чемпионатына қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, әлем чемпионатына қатысушы шетелдiк азаматтардың Алматы қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі әлем чемпионаты баспасөз орталықтарының Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайын халықаралық телефон байланысымен және Интернетке қол жеткізудi қамтамасыз етсiн, Алматы қаласының әуежайында әлем чемпионатына қатысушыларды күтiп алуға және шығарып салуға жағдайлар жасасын. 7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі әлем чемпионатына дайындық және оны өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етудi қамтамасыз етсiн. 8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әлем чемпионатына қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|