|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мiндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: тақырыптағы және 1-тармақтағы «ұстап қалудың» деген сөздерден кейiн»(қоса есептеудiң)»деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде: тақырыптағы «ұстап қалудың» деген сөздерден кейiн»(қоса есептеудiң)»деген сөздермен толықтырылсын; мәтіндегі «төлеушi», «төлеушiнiң», «зейнетақы жарналарын төлеушi», «төлеушiге», «зейнетақы жарналарын төлеушiге», «төлемші», «мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi», «төлеушiлер», «төлеушiлерден», «мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер», «төлеушiлердi», «төлеушiлердiң» деген сөздер тиiсiнше «агент», «агенттің», «агенттi», «агентке», «агенттер», «агенттерден», «агенттердi», «агенттердiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды. 2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.»; 3-тармақтың бiрiншi және екіншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшiрмесiнiң негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.»; екiншi абзацтағы «есептiден кейiнгi айдың он бeci күнiнен» деген сөздер «кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы «өзi үшiн - он бесiнен кешіктірмейтiн мерзiмде» деген сөздер «өз пайдасына - бесiнен кешiктірмейтін мерзiмде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екiншi абзацындағы «енгізуге құқылы» деген сөздер «енгiзедi» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады: заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар қызметкердiң төлем көзiнен салық салынуға жататын ай сайынғы кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде. Бұл ретте, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс; жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi жалақының он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес.»; 7-тармақтағы «Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын» деген сөздер «Мiндетті зейнетақы жарналарын, оның iшiнде берешектi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi және үшiншi абзацтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Атына жарналар аударылатын жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi мен атауы сәйкес келмеген және/немесе форматы MT-102 тiзiмде көрсетiлген салымшының тiркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде зейнетақы жарналары агенттiң шотына қайтарылады.»; үшiншi абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнiң мақсаты» деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген «ММГГГГ» жеке жиегiнде көрсетедi.»; 10-тармақтың екiншi абзацында: «өзi үшiн» деген сөздер «өзiнiң пайдасына» деген сөздермен ауыстырылсын; «, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталық арқылы аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы төлем жүйесіндегі жұмыстар үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.»; 3-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: «3. Агенттердiң, салымшылардың (алушылардың) және жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде қателер байқалған жағдайдағы iс-әрекеттерiнiң тәртібі 13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi. 14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) Орталық мемлекеттік мұрағатқа, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған мұрағаттық төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жібередi. 15. Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын есептеу кезiнде, төлем тапсырмаларында, жеке тұлғалардың тiзiмiнде қателер байқалған жағдайда, сондай-ақ салымшының (алушының) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының қателер байқалғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн, агент үш банктiк күн iшiнде тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына қателердiң түзетiлуi туралы өтiнiшпен жүгiнуi тиiс. Өтiнiшке осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама және салымшының (алушының) өтiнiшi қоса беріледi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын агенттер, анықтама-растамаға банктік түбiртектердiң көшiрмесiн қоса бередi. 16. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), агенттiң банктік шоты, төлем құжаттарының көшiрмелерi, қате жiберiлген жеке тұлғалардың тiзiмдерi, басқа жинақтаушы зейнетақы қорына арналған мiндетті зейнетақы жарналарының сомалары есептелген жағдайда зейнетақы шартының көшiрмесi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiшке басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөрмен расталған болуы тиiс. 17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiшi негiзiнде он банктік күн iшiнде өтінiште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) әлеуметтiк жеке кодында, тегiнде, атында, әкесiнiң атында ауытқушылық болған жағдайда дерекқорға өзгерістер енгiзедi, бiр салымшының (алушының) бiрнеше жеке шоттары болған кезде оларды бiрiктiредi. 18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды. 19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс. 20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын Орталықтың банктiк шоты арқылы, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды «032». 21. Агент салық салуға жатпайтын жекелеген төлем түрлерiн салымшының (алушының) кiрiсiне енгізуге байланысты артық есептелген және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын келесi аударымдарды реттеу жолымен түзетедi. 22. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алғаннан кейiн ақша түскен күннен бастап үш банктік күн iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды жүргiзедi. 23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс.»; 24-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмағаны (қоса есептемегенi) және аудармағаны үшiн өсімақы төлеудi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды «019»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi. Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, «жарна сомасы» бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi.»; «өсiмақы» деген сөзден кейiн «мен айыппұлдардың» деген сөздермен толықтырылсын; «салық заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2, 35-3-тармақтармен толықтырылсын: «35-1. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары агентке хабарлама жiберiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмiн салық органына ұсынудың қажеттiгi туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi. Агент сонымен бiр мезгiлде, пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек өндiрiлетiн жеке тұлғалардың тiзiмiн оларды агенттiң банкіне ұсыну үшiн әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша қалыптастырады. 35-2. Салық органы агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн алған кезде, соңғы алушы ретiнде бенефициар - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретiнде Орталықты көрсете отырып, агенттердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер ұсынады. 35-3. Агенттер салық органдары ұсынған инкассалық өкiмдер бойынша пайдасына берешек өндiрілетін жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсынбаған, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкiм шығарады.»; «Мемлекеттік кiрiс» деген сөздер «Қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгiзген, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының келiп түскен тiзiлiмдерi мен қайтарылған тiзiлiмдерi жеке ұсынылады.»; 37-тармақтың екiншi абзацында «мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiнi» деген сөздер «агенттi» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |