"Қазақстанның Даму банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Даму Банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Даму Банкінің Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi."; 1-тармақта "өңдеушi өндiрiстердi" деген сөздер "өңдеушi өнеркәсiптi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 2) тармақша "экспорттық операцияларына" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - экспорттық операциялар)" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы "(Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)" деген сөздер алып тасталсын; 3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: "4-бап. Даму Банкінің функциялары 1. Даму Банкінің функциялары: 1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|