|
|
|
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Ресей Федерациясының ?кіметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң мүлкiне бухгалтерлiк есеп жүргізудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi Ресей Федерациясының ?кіметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң және Ресей авиациялық-ғарыш агенттiгі ұйымдарының қарамағындағы мүлiкке бухгалтерлiк есеп жүргiзу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi заңнамада белгiлеген тәртiппен: 1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерi: мынадай мазмұндағы 12-бөлiммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті Байқоңырбаланс 15" 5. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |