Темекі бұйымдарын өндірушілердің есептерін ұсынудың ережесін бекіту
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 569 Бұйрығымен күші жойылды
"Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарын өндірушілердің темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланатын ингредиенттер бойынша есептерін ұсынудың тәртібі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Белоногқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 377 бұйрығымен бекітілген Темекі бұйымдарын өндірушілердің темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланатын ингредиенттер бойынша есептерін ұсынудың тәртібі туралы ереже 1. Негізгі ережелер 1. Темекі бұйымдарын өндірушілердің есептерін ұсыну рәсімі темекі бұйымдарындағы ингредиенттер мен олардың барынша көп мөлшері туралы ақпарат жинауға арналған. Бұл ақпарат олардың уыттылығы мен тұтынушылар денсаулығы үшін зиянын анықтауға мүмкіндік береді. 2. Әрбір темекі өндіруші өткен 12 айда Қазақстан Республикасының аумағында өзі шығарған, сатқан немесе басқаша тәсілмен таратқан барлық темекі мен темекі бұйымдарының маркасында никотин мен шайыр заттардың болуы туралы мәліметтерден тұратын есепті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне әрбір жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынуға тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|