Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасында ҚР Үкіметінің 20.06.03 ж. № 587 қаулысымен Келісім мақұлданды Бiрге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi - "Үкiмет" деп аталатын) мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiнде (бұдан әрi - "ЮНЕСКО" деп аталатын), Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге мүдделiлiктi назарға ала отырып, Үкiметтiң "Қазақстан Республикасы, Алматы облысының Тамғалы кешенiн зерделеу, сақтау және ұстау" жобасын iске асыруға ЮНЕСКО-дан көмек сұрағанын назарға ала отырып, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Бас конференциямен ЮНЕСКО-ның мақсаттарына, саясатына және iс-қимылына сәйкес келетiн қызметтi жүзеге асыру мақсатында донорлардың мақсатты қаражатын қабылдауға уәкілеттi болғанын басшылыққа ала отырып, ЮНЕСКО-ның жобаны жүзеге асыруға Үкiметке қайтарымсыз көмек көрсетуге мүмкiндiк беруi ЮНЕСКО-мен Келісім негiзiнде Норвегия Үкіметі ЮНЕСКО үшiн қаржыландыруды ашатындығын ескере отырып, Үкiмет пен ЮНЕСКО төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап. Мақсаты мен сипаттамасы Қазақстан Республикасы, Алматы облысының Тамғалы кешенiн зерделеуге, сақтауға және ұстауға жәрдемдесу мақсатында кешендi ғылыми-мәдени зерттеулер ұйымдастыру, археология объектілерін консервациялау және мұражайландыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, кешендi тұрақты күту мен өңiрде туристiк қызметтi дамыту үшiн тарихи және этно-мәдени ортаны қалпына келтiру және дамыту жолымен осы жоба мынадай әрекеттердi жүзеге асыруды көздейдi: 1) кешендi ғылыми, соның iшiнде археологиялық, тарихи-мәдени, геоморфологиялық, дендрологиялық, ландшафты-топографиялық және басқа да зерттеулер жүргiзу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|