Триатлоннан Азия Кубогының кезеңiн өткізу туралы Қазақстан Республикасы 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң және республикалық Триатлон федерациясының 2003 жылғы 16-20 шiлдеде Ақмола облысының Бурабай кентiнде триатлоннан Азия Кубогының (бұдан әрi - Азия Кубогы) кезеңiн өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қоса беріліп отырған Азия Кубогына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi мен Ақмола облысының әкімі Триатлон федерациясымен келісім бойынша, Азия Кубогына дайындық және оны Ақмола облысының Бурабай кентiнде өткізудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде қоғамдық тәртiптiң сақталуын, олардың қауiпсiздiгiн, Азия Кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Ақмола облысы Бурабай кентi мен Щучье қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Азия Кубогына дайындық және оның өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Ақмола облысының Бурабай кентіндегі Азия Кубогы баспасөз орталықтарының халықаралық телефон байланысымен және Интернетке қол жеткізуiн қамтамасыз етсiн, олардың болатын жерлерiнде Азия Кубогына қатысушыларды көлiк қызметiмен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi берген тiзiм бойынша Азия Кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|