|
|
|
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетi төлемдер туралы" 1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) қазақша мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1), 25-1) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын: "11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;"; "25-1) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттік қызметшiлердi қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;"; "32-1) ақпараттарды өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөніндегі қызметтер;"; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма;"; бiрiншi бөлiктегi "Заңды тұлғаның", "заңды тұлғаға" деген сөздер тиiсiнше "Салық төлеушiнiң", "салық төлеушiге" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады. Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi."; 4) 61-баптың 11-тармағы алып тасталсын; 5) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы."; 6) 69-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы "салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi."; 7) 80-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;"; 8) 82-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "негiзгi құралдар" деген сөздер "тiркелген активтер" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 89-баптың 2-тармағындағы "олар шегерiмге жатқызылған салық кезеңiнiң" деген сөздер "олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиiс) есептi салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "сақтандырушы" деген сөздер "сақтандыру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 91-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "өз акцияларын өткізу" деген сөздер "эмитенттiң өз акцияларын өткізуi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi."; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүргiзiледi" деген сөз "айқындалады" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "мүлiктi," деген сөз алып тасталсын; 12) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын: "102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады."; 13) 107-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "негiзгi құралдар" деген сөздер "тiркелген активтер" деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 120-баптың 2-тармағы "ұйымның" деген сөзден кейiн "депозиттер бойынша" деген сөзбен толықтырылсын; 15) 128-баптың 5-тармағындағы "салық төлеушiнiң тiркелген жеріндегі салық органы куәландырған" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтың 6) тармақшасы "резидент-банктерге" деген сөздерден кейiн "және жеке тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ "ұйымдарын" деген сөзден кейiн ", коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын; 17) 137-баптың 1-тармағы "заңды тұлғаларды" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi" деген сөздермен толықтырылсын; 18) 138-баптың екiншi бөлiгiнде "тiркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң" деген сөздер "инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi."; 2-тармақта: бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "келісім-шарт жасалған кезде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, тiркелген активтер инвестициялық жобалар шеңберiнде iске қосылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;"; екiншi бөлiктегi "iске қосылған" деген сөздер "амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, iске қосылатын" деген сөздермен ауыстырылсын; 20) мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен толықтырылсын: "5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына салық салу ерекшелiктерi 22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 140-1-бап. Жалпы ережелер 1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн: 1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын; 2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ; 3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру: бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгізу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi; және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау; және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады. Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады. 140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен мерзiмдерi 1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 процентке азайтылады. Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады. 3. Корпорациялық табыс салығын төлеу және аванстық төлемдердi енгізу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. 4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша: 1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi; 2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады. 5. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет көрсетулердi iске асыру жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. 140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн беру тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады."; 21) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық жылы iшіндегі салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
22) 171-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ұсынады."; 23) 178-баптың 2) тармақшасы "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда)," деген сөздерден кейiн үтiр алып тасталып, "қызмет, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 24) 208-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгіндегі "салық органы оған қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк берген күннен бастап" деген сөздер "өзiне салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 209-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгіндегі "төлеушi-заңды тұлғаның" деген сөздер "төлеушiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын; 26) 211-бапта: 1-тармақтың 4) тармақшасындағы "кепiл ұстаушыға" деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы ", салық жылы iшiнде жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын" деген сөздер алып тасталсын; 27) 216-бапта: 1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi: 1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн; 2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады."; мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын: "2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде: 1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң; 2) мемлекеттік қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттік нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады."; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады."; 28) 217-баптың 3-тармағында "оған қосылған құн салығын енгiзбей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражатының сомасы негiзге алына отырып анықталады." деген сөздер "сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады." деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар."; 30) 234-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "қайырымдылық мақсатында" деген сөздер "қайырымдылық көмек мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын; 31) 239-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "салық жылы" деген сөздер "күнтiзбелiк жыл" деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 241-баптың 2-тармағы "ұйымдардың" деген сөзден кейiн "және микрокредиттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын; 33) 245-бапта: 1-тармақтағы "16" деген цифр "15" деген цифрмен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады."; 34) 249-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды."; 35) 250-баптың 1 -тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: "3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың; 3-2) темір жол локомотивтерi мен вагондардың;"; 36) 254-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi "теңестiрiлген өкiлдiктерге" деген сөздерден кейiн "және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын; 37) 256-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізудi жүзеге асыратын;"; 38) 258-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады."; 39) 260-баптың 1-тармағындағы "сатып алушыға" деген сөздер "алушыға" деген сөзбен ауыстырылсын; 40) 265-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "сатып алу-сату" деген сөздерден кейiн "(айырбастау)" деген сөзбен толықтырылсын; 41) 268-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының екiншi абзацындағы "немесе электр берiлiсi желiлерiмен" деген сөздер алып тасталсын; 42) 316-бапта: 1-тармақтың бiрiншi абзацы "кiрiстер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ өтемдi қызметтер көpceту шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсiпкерлерге төлемдердi қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады."; 43) 317-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң шетелдiк мамандары үшiн мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
44) 318-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады."; 45) 322-баптың 3-тармағының екiншi сөйлеміндегі "Төлеушiнiң тiркелген жеріндегі салық органы растаған" деген сөздер алып тасталып, "құрылымдық" деген сөз бас әрiппен жазылсын; 46) 338-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi."; 47) 340-баптың 9-тармағындағы "он күн мерзiмнен" деген сөздер "он жұмыс күнi мерзiмiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 48) 346-баптың 1-тармағындағы "Уәкiлеттi органда" деген сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын; 49) 347-баптың 2-тармағындағы "он айлық" деген сөз "он екi айлық" деген сөзбен ауыстырылсын; 50) 348-бап мынадай редакцияда жазылсын: "348-бап. Салықты есептеу тәртібі 1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi. 2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi: 1) беретiн тарап үшiн: салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi; салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi; 2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi. 3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi: 1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi; 2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |