Ауылды түлету - ұлтты ұлы ету Қазақстан Республикасы Президентінің жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына түсіндірме Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003-2004 жылдарғы Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмалар негізінде әзірленді. Осы бағдарламаны облыс әкімдіктерімен, мүдделі министрліктермен және агенттіктермен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытының басымдығы болып ауыл (село) проблемалары белгіленген. Экономикалық өсудің жалпы аясында қала және ауыл халқының тіршілік ету деңгейіндегі сәйкессіздік күшейе түсуде, кірістердің өңірлердегі айырмашылықтары едәуір. Ауылдық жерде ел халқының 43%-ы өмір сүреді, олардың үштен бірінің табысы күнкөріс деңгейінен төмен болып отыр. Осы жағдайдың бұдан әрі сақталып қалуы ел халқының табыс деңгейі жағынан жіктелуін күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік-саяси ахуалға кері әсер етіп, елдің зияттық дамуы мен инвестициялық бет-бейнесінің көрсеткіштерінен көрініс табады. Аграрлық азық-түлік секторы дамуының және ауыл шаруашылығы қызметінен түсетін кірістердің өсуінің ерекшеліктерін ескерер болсақ, халықтың қазір ауылда шамадан артық қоныстануы олардың тіршілік деңгейінің өсуіне кедергі келтіретін себептердің бірі болып, елдің тұрлаулы дамуын жоспарлауда күрделі мәселеге айналғанын түсінікті етеді. Әкімшіл-әміршіл экономика кезінен сақталып қалған қоныстаңдырудың ұтымсыз схемалары мәселені одан әрі ушықтырып, соның салдарынан инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қаражаттың тиімсіз жұмсалуы жалғасуда, ал көші-қон процестері жүйесіз, басқарусыз сипатқа ие болып отыр. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|