Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 835қаулысына сәйкес мақұлданды Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі: екi мемлекеттiң өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттiгiн негiзге ала отырып, Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы - Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниет ете отырып, төмендегiлер туралы келiстi. 1-бап Осы Келісімде: "көпiр" терминi деп Қиғаш өзенiнiң негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi ұғынылады; "шекаралық көпiр өткелi" терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ oған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады. 2-бап Осы Келісімдi iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестiрудi тараптардың уәкiлеттi органдары: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі; Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі және Астрахань облысының әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi. 3-бап Тараптар шекаралық көпiр өткелiн салудың мынадай қағидаттары туралы келiстi: а) көпiр өткелiн жобалау және салу үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары тепе-теңдiк негiзде бiрыңғай тапсырыс берушiнiң қызметiн құрады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|