|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында: 5-бөлімнің 5.1-бөлімшесінің он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі"; "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: реттік нөмірі 2.3-жолда 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесін әзірлеу және бекіту". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |