Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж. № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат,' № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат): 1) 41-бапта: екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "2. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмi белгiленедi. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгі түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi."; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "Ескерту. Осы Кодекстiң 176-бабының үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 193-бабының үшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 209-бабының үшiнші бөлiгiнiң а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады."; 2) 129-баптың үшiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын; 3) 176-баптың үшiншi бөлiгiнде: мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: "г) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса"; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|