Бірыңғай экономикалық кеңістіктікті құру туралы Келісім ҚР 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 549-II Заңымен келісім бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина, өз халықтарының экономикалық және әлеуметтiк ілгерілеуіне жәрдемдесуге, олардың өмiр сүруін жақсартуға ұмтыла отырып; Тараптардың экономикасын нығайтуға және көп жақты экономикалық ынтымақтастықты бұдан әрi тереңдету және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру (бұдан әрi - БЭК) жөнiндегі өзара тиімді уағдаласушылықтарға қол жеткiзу арқылы интеграциялық процесстердi күшейту үшiн экономикалық реформаларды қатар жүргiзе отырып олардың гормоналдық дамуын қамтамасыз етуге іс-қимылды ұмтылыспен; осы орайда Тараптардың олардың ықпалдастық процестердi одан әрi тереңдетуге дайындығын ескере отырып БЭК құру процесiне қатысуын айқындайтын құқықтарын мойындай отырып; мемлекет пен халықты байланыстыратын достық қарым-қатынасты растай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларын негізге алып, олардың көркеюiн қамтамасыз етуге тiлек бiлдiріп; Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина Президенттерiнің 2003 жылғы 23 ақпандағы Мәлiмдемелерiн ескере отырып; төмендегілер туралы келісті: Тараптардың экономикасын тұрақты және тиiмдi дамыту және халықтың өмiрiн жақсарту үшiн жағдай жасау мақсатында Тараптар БЭК құру процесiне кiрiседi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|