Жоба Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей Келісімге қол қою туралы ҚР Президентінің Жарлығы ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 959 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлдi Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек беру туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы Шартқа және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгер туралы 1995 жылғы 30 маусымдағы Шартқа өз адалдықтарын растай отырып, халықаралық терроризмге және мемлекеттік шекарада құқыққа қарсы әрекеттердiң жолын кесу мақсатында ынтымақтасу мен өзара iс-қимылды жетiлдiру қажеттiгiн ескере отырып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуде күш-жiгердi бiрiктiру қажеттiгін тани отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Осы Шарттың мақсаты үшiн Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы болып мемлекеттік шекара туралы Тараптар арасындағы тиiстi халықаралық шарт күшiне енгенге дейiн Қазақ Кеңестiк Социалистік Республикасы мен Ресей Кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасы арасындағы әкiмшiлiк-аумақтық шекара ұғынылады. 2-бап Осы Шарттың ережелерiн iске асыру үшiн Тараптар уәкiлеттi органдарды: Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн; Ресей Федерациясы тарапынан - Ресей Федерациясының Федералдық шекара қызметiн тағайындайды. Уәкiлеттi органның ресми атауы өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды. 3-бап Тараптардың уәкiлеттi органдары өзара мүдделерiн ескере отырып және өздерiнiң ұлттық заңнамаларының негiзiнде мынадай: өзара мүдделерiн білдiретiн ақпаратпен алмасу; терроризм мен экстремизмге, қарудың, оқ-дәрiнiң, жарылғыш және улы заттардың, радиоактивтi материалдардың контрабандасына қарсы күрес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|