Жоба 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ҚР Үкіметінің 07.10.03 ж. № 1034 қаулысымен қол қоюға келісім берiлдi Нидерланды Корольдiгінiң Үкіметі қабылдаған, бұдан әрi "PSO бағдарламасы" деп аталатын, жаңартылған "Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасын" талқылау мақсатында 2003 жылғы _______ Астана қаласында бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлігі өкiлдерiнiң кездесуi өтті. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы қатынастарды одан әрi дамыту мен нығайтудың өзара тиiмдi болатындығына келісім бiлдiрдi, сондай-ақ осы байланыстарды нығатюда PSO бағдарламасына маңызды рөл бере отырып, болашақта ынтымақтастықтың жалғасуы мен тереңдей түсуiн тiлей отырып, PSO бағдарламасы шеңберiнде Нидерланды Корольдiгiнiң инвесторларын тарту мақсатымен тұрақты инвестициялық ахуал жасаудың маңыздылығын мойындай отырып, мына төмендегiлер туралы өзара түсiнiстiкке қол жеткiздi: PSO бағдарламасының элементтерi 1. PSO бағдарламасы Қазақстанның тұрақты әрi рыноктық бағдарланған экономикаға көшуiн қолдайды. Рыноктық экономиканы дамытуға үлес қосу, бәсекеге қабiлеттіліктi нығайту, компанияларды жаңғырту және тұрақты өндiрiстiк процестi дамыту оның негiзгi мақсаттары болып табылады. PSO бағдарламасы - бұл өтеусiз негiзде Нидерланды Корольдiгi Қазақстан Республикасына көрсететiн техникалық көмек бағдарламасы. 2. Нидерланды Корольдiгiнiң Үкіметі PSO бағдарламасы шеңберiнде жобалардың мынадай екi үлгiсiн қаржыландырады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|