Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар
ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің технологиясын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар) бойынша аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері) және кедендерінің бастықтары осы бұйрықты барлық құрылымдық бөлімшелерге жеткізсін және оның лайықты дәрежеде орындалуын қамтамасыз етсін. 5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|