|
|
|
Алматы облысында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
Алматы облысы Жамбыл ауданының Таңбалы шатқалындағы бiрегей археологиялық кешендi және петроглифтердi сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Таңбалы шатқалында жалпы алаңы 3,8 мың гектар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Алматы облысының әкіміне Қопа станциясынан Қарабастау ауылына дейiнгi жолды және Таңбалы кешенiне апаратын жолды күрделi жөндеуден өткізу, сондай-ақ, Мекеменi кесiп өтетiн жол учаскесiн ауыстыру, оның аумағын тұрғын және шаруашылық құрылыстарының қалдықтарынан тазарту мәселелерiн қарастыру және шешу ұсынылсын. 4. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 5-тармақ күші жойылды 5. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: 6-бөлiмде: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі»; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы 29». 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |