Жоба Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Жапония Yкіметі арасында 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 520-ІІ ҚР Заңымен бекітілді Жоғары мәртебелi, Жоғары мәртебелi Сiзден төмендегiлер айтылатын бүгiнгi күнмен белгiленген Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуiңiздi сұраймын: "Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлдерiнiң арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi және Жапония Үкіметінiң атынан мынадай келісімдердi ұсынуға рұқсат етуiңiздi сұраймын: 1. Қазақстан Республикасының Yкіметіне "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Yкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдарына және нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне бес жүз жиырма бес миллион иен (Ұ 525,000,000) мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi. Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Жоғары мәртебелi Тосио ЦУНОДЗАКИ 2. Грант, егер осы кезең екi ?кіметтің уәкілеттiлерi арасындағы өзара келісім жолымен ұзартылмаған болса, осы келісім күшiне енген күн мен 2004 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде берiледi. 3. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Грантты бұдан әрi көрсетілген Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония азаматтарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алуға тиесiлi және сол үшiн ғана пайдаланады (осы келісімде қолданылатын "азаматтар" терминi жапондық азаматтарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық азаматтарға қатысты қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|