|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: "Астана қаласы" деген бөлiмде "Елорда" баспасы" ААҚ" деген реттiк нөмiрi 21-29-жол алынып тасталсын; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлiмде: реттік нөмiрi 224-18-жол алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 35 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 13-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |