Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Пакистан Ислам Республикасының Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Пакистан Ислам Республикасының ?кіметi, бұдан былай "Уағдаласушы Жақтар" деп аталады, - экономикалық байланыстар екiжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды да қажеттi элементiн құрайды деп санап, төмендегiлер туралы келісім жасасты: Уағдаласушы Жақтар екi елдiң арасындағы ұзақ мерзiмдi және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн қажеттi барлық шараларды қолданады және осы мақсатта тиiстi қолайлы жағдайлар туғызатын болады. Уағдаласушы Жақтар өзара келісілген контрактiлер жасасу мақсатымен салаларды зерделеушi тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдарды көтермелейтiн болады. Уағдаласушы Жақтар сыртқы саудада бiр-бiрiне неғұрлым қолайлы жағдай тәртібін туғызатын болады. Дегенмен бұл тәртiп артықшылықтар беру немесе сақтап қалуға қатысты мынадай жағдайларда: а) Уағдаласушы Жақтардың бiрi шекара маңындағы сауда үшiн көршiлес елдерге беретiн артықшылықтарға; б) екi жақты келісімнiң шеңберiнде кез келген елге берiлетiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарға; в) Уағдаласушы Жақтардың бiрi мүше бола алатын кәдiмгi одаққа немесе еркiн айырбас аймағына қатысудан туындайтын артықшылықтарға; г) қатысушы Жақтардың бiрi әрiптес болып отырған немесе болашақта бола алатын дамушы елдермен арадағы сауда мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалатын кез келген келісімнiң шеңберiнде берiлетiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарға байланысты қолданылмайтын болады. Уағдаласушы Жақтар, осы Келісімнiң қағидаларын және өз мемлекеттерiнiң қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актілерін басшылыққа алып, экономика саласындағы инвестициялар үшiн қолайлы жағдай жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|