|
|
|
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Өскемен" кедені Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Өскемен" кедені таратылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Семей" кедені", "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Қордай" кедені", "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Бейнеу" кедені", "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Өскемен" кедені" мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 маусымдағы № 688 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 19, 207-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі бір айлық мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |