|
|
|
Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 838 Қаулысымен күші жойылды
2000 жылғы 25 қаңтардағы Монополияға қарсы келісілген саясат жүргiзу туралы шарттың 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттi өкiлi мiндетiнен босатылсын. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы Ораз Әлиұлы Жандосов (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Бақытжан Әбдiрұлы Сағынтаев (келісім бойынша) Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттi өкiлдерi болып тағайындалсын. 3. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттi өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 мамырдағы № 514 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |