|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 749-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында: "сандық карта - 1 дана" сөздерден кейін "спектр анализаторлары - 3 дана; шуылы аз күшейткіштер - 2 дана; антенналар жиынтығы - 3 дана; тармақтағыштар жиынтығы - 3 дана." деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: "1 дана сандық карта" деген сөздерден кейін мынандай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "спектр анализаторлары - дана; шуылы аз күшейткіштер - 2 дана; антенналар жиынтығы - 3 дана; тармақтағыштар жиынтығы 3 дана."; 2) көрсетілген қаулыға 757-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Мыналарды сатып алу: техникалық құралдар - 3 жиынтық; базалық бағдармалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық"; мынандай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Ведомстволық ақпараттық жүйені жетілдіру"; 7-тармақта: " - 1 жиынтық" деген сөздер "сатып алу: техникалық құралдар 3 жиынтық; базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулыға 760-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.4-тармақшамен толықтырылсын: "3.4. Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық"; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу."; 7-тармақта: "Пайдаланушыларды оқыту - 200 адам" деген сөздерден кейiн "Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |