Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 530-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат): 1) 209-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан он процент мөлшерде асып түсуi ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының жетпiс процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 2) 214-бапта «акциз алымының таңбаларымен» деген сөздер «акциздiк маркалармен» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|