Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Пәкстан ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1264 қаулысын қара Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Пәкстан Ислам Республикасының Қоршаған орта министрлігі, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адалдығын растай отырып, екi мемлекет арасындағы достық қатынастарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрi кеңейтудi ескере отырып, қазiргi және келешек ұрпақтар алдындағы экологиялық бүлiншiлiктер мен апаттардың, табиғи орта тозуының алдын алу мен экологиялық зиянсыз өмiр сүру аймағын құру жөніндегі өз жауапкершілiктерiн түйсiне отырып, Қазақстан Республикасының және Пәкстан Ислам Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнамасын назарға ала отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi: Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес нақты ынтымақтастық бағдарламаларын қабылдау жолымен теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негізiнде жүзеге асыратын болады. Ынтымақтастық мынадай негізгі салаларда жүзеге асырылады: атмосфера мен топырақты ластанудан қорғау; су жүйелерiн зерттеу, ұтымды пайдалану, қорғау және күзету; ұлттық парктердiң рекреациялық пайдаланылуын реттеу; қоршаған табиғи ортаны радиациялық ластанудан қорғау; биологиялық әртүрліліктi сақтау, сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың тiршiлiк орнын зерделеу және құтқару жобаларын әзiрлеу әрi жүзеге асыру; топырақты қорғау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану; орманды қорғау, күзету және орман ресурстарын ұтымды пайдалану; қоршаған орта ластануының экологиялық-генетикалық салдарын зерттеу; қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|