Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппин Республикасының Үкіметі ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппин Республикасының Үкіметі, екi жақты қарым-қатынасты одан әрi кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап 1. Екiншi Тараптың мемлекетiнде тiркелмеген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары келген кезiнен бастап 30 (отыз) күн iшiнде визасыз екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады. 2. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi. 2-бап Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа жiберiлген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары сол елде олар болатын бүкiл кезеңге жарамды виза алуы тиiс. Осы ереже сондай-ақ егер олардың дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары болса немесе олардың аты-жөнi әкесiнiң немесе шешесiнiң паспортына жазылса, дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдарға да қатысты қолданылады. 3-бап 1. Дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалған, жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына және олардың отбасы мүшелерiне визалар олар жол жүргенге дейiн ресiмделедi. 2. Жiберушi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органы дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге сондай-ақ халықаралық ұйымдарға тиiстi адамдардың тағайындаулары туралы қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органына алдын ала хабарлайды. 4-бап Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|