Фискальдық жады бар бақылау - касса машиналарды пайдалабай қатаң "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар бекітілсін: 1) 1-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдаланбай, қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне құзырлы мемлекеттік орган енгізетін Қорытынды нысанын; 2) 2-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз пайдаланатын, қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне құзырлы мемлекеттік орган енгізетін Қорытындыға талаптар. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары М.М.Әбдірахмановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдаланбай қатаң есептілік құжаттарының нысандарын қолданудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 491 бұйрығына 1-қосымша ҚОРЫТЫНДЫ ____________________________________________________________ қорытынды енгізген құзырлы мемлекеттік органның атауы ______________________________________________________ нысаны құжаттың аты фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз пайдаланатын, қатаң есептілік құжат ретінде бекіту үшін 1. Қатаң есептілік құжатты пайдаланудың мақсаттылығын негіздеу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|