Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Yкіметі
2004 жылғы 25 мамырдағы № 554-II ҚР Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1997 жылғы 8 сәуiрдегі Мәңгiлiк достық туралы шартты басшылыққа ала отырып, екi мемлекет арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль жолаушы және жүк қатынасын өзара негiзде дамытуға тiлек бiлдіре отырып, сондай-ақ осы қатынасты жеңiлдетуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1. Осы Келісімге сәйкес Тараптар мемлекеттерi арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен үшінші елге(ден) жолаушылар мен жүктердiң тасымалдары жүзеге асырылады. 2. Осы Келісім Тараптардың олар жасаған басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндіру мақсатында төмендегі терминдер мыналарды бiлдіреді: а) «құзыреттi органдар»: - Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі, 6, 10 және 15-баптар қатысында - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлігімен бiрлесiп. - Қырғыз Тарабынан - Қырғыз Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі, 7, 8, 11 және 15-баптар қатысында - Қырғыз Республикасының Iшкі iстер министрлігімен бiрлесiп. Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiледi; б) «тасымалдаушы» - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген және ұлттық заңнамаға сәйкес жолаушылар мен жүктерiн халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға; в) «автокөлiк құралы»: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|