Бағалы қағаздар рыногының субъектілері өздерінің хабарлары мен міндетті
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08. № 311 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар рыногының өзге субъектілерінің өздерінің хабарлары мен Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын баспасөз басылымдарында жариялайтыны; 2) Қазақстан Республикасының бір облысында орналасқан (тұратын) және бағалы қағаздары сауда-саттық ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілмеген акционерлік қоғамдар, бағалы қағаздарды ұстаушылар (тиісті бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің деректері бойынша) міндетті түрде жариялауға жататын ақпаратын осы облыстың аймақтық баспасөз басылымдарына олардың таралым мөлшеріне қарамастан жариялай алатыны белгіленсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|