Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" заң күшi 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы". 2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заң Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiгiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын белгiлейдi.". 3. Мәтіндегі "Жарлық", "Жарлықта", "Жарлықпен" "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңда", "Заңмен", "Заңды", "Заңға", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Тараулардағы "I-ІХ" деген цифрлар тиiсiнше "1-9" деген цифрлармен ауыстырылсын. 5. 1, 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi Республикалық ұлан) - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздігiн қамтамасыз етушi күштерге жататын және күзетiлетiн тұлғалар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі күзет iс-шараларын өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|