Соттардың мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,
ҚР Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының өзгеруіне және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27-тарауында мазмұндалған нормаларды қолдану бойынша соттарда туындаған мәселелерге байланысты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 278 және 279-баптарына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің алқалық және жеке-дара шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), азаматтар мен заңды тұлғалар АІЖК-нің 27-тарауында қарастырылған ретте, сот арқылы шағым келтіру үшін міндетті түрде келесі шарттардың жиынтығы болу тиістілігіне, соттар назар аудару керек: 1) дау жариялы-құқықтық қатынастан (билік пен бағыныс қарым-қатынасы) шықса; 2) даулы шешімдермен, әрекеттермен (әрекетсіздікпен): азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылса; азаматқа құқықтары мен бостандықтарын, ал заңды тұлғаға құқықтары мен заңмен қорғалған мүдделерін жүзеге асыруына кедергілер жасалса; азаматқа немесе заңды тұлғаға әлде бір міндет заңсыз жүктелсе не олар заңсыз жауапқа тартылса. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|