Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы (2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 10 Нормативтік қаулысымен тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «жеке» деген сөз «жекеше» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 10 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚР ҚІЖК-нің», «ҚІЖК-нің» деген сөздер «ҚПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Республика соттарының жекеше аулылар шығару тәжірибесін талдау құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, жекеше аулылар анықтау және алдын-ала тергеу органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот тәжірибесі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр. Жекеше қаулыларды шығару тәжірибесін бірыңғай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2014.24.12. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Соттар қылмыстық істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 8-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі, адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс екенін ескерулері керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|