Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 08.12.04 ж. № 625 бұйрығымен күші жойылды Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері 1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қызметтің айрықша түрі мыналар болып табылатын әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды: 1) косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсету; 2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары орта оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсету; 3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнесті қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсету; 4) кітапхана қызметін көрсету. 2. Декларация Декларацияның өзінен (150.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (150.01 - 150.04 нысандары) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияларды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|