Несиені қалай алу керек? Бүгінде республиканың кез келген қаласында, ауданында өз ісімен айналысқысы келген әрбір адам ақшаны қайдан алу керек, қайткенде өз кәсіпорныңды тезірек ашып, оған қажет орын мен жабдықтарды қалай алуға болады деген проблемалармен ұшырасады. Мұндай жағдайда несие алу сіз үшін бастапқы капитал бола алады және ол үшін сізге өзіңіз жақсы көретін автомобиліңіз мен пәтеріңізді сатудың да кажеті жоқ. Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, несие алу үшін сіздің банктерге, несиелік серіктестіктерге, микрокредиттік ұйымдарға және басқа да қаржы институттарына (несие беретін ұйымдарға) өтініш білдіруіңіз керек. Банктің несие беру қызметі өз кезегінде мынадай, яғни заемдық, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік және векселдерді есепке алу операцияларымен айналысады. Банк несиені банк заемының келісім-шарты, лизинг немесе ақша талаптарына көне отырып қаржыландыру келісім-шарттары негізінде береді. Банк заемының келісім-шарттарында төмендегілер міндетті түрде көрсетілуге тиіс: 1. несиенің мақсаты; 2. берілетін несиенің жалпы сомасы; 3. несиенің валютасы; 4. несиені өтеу мерзімдері; 5. несиені өтеу тәсілдері; 6. қамтамасыз ету (түрі, сомасы); 7. сыйақы ставкасының мөлшері; 8. заем алушының банктің заңды тұлғасына беретін есебінің түрлері мен мерзімдері. Несиенің кері қайтарылуын төленетін айыптың, кепілдіктің, кепілдеменің, аманаттың есебінен және баска да тәсілдермен қамтамасыз етуге болады. Қысқа мерзімді және орташа мерзімді несиелер 1 күннен 5 жылға дейінгі, ұзақ мерзімді несиелер 5 жылдан арғы кезеңдерге беріледі. Сіздің кепіл ретінде не ұсынуыңызға болады? Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|