Тың және тыңайған жерлердi игерудiң басталуына 50 жыл толуы құрметiне
арналған мерекелiк медаль туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы № 1281 Жарлығы
Республикада тың және тыңайған жерлердi игеруге және ауыл щаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiк азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердi игерудiң басталуына 50 жыл толуы құрметiне
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже;
2) "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекітілсiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы
№ 1281 Жарлығымен
бекітілген
"Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже
1. "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалiмен (бұдан әрi - мерекелiк медаль) республикада тың және тыңайған жерлердi игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiк азаматтар, сондай-ақ бұрын тың және тыңайған жерлердi игергенi үшiн медалiмен марапатталғандар наградталады.
2. Мерекелiк медальмен наградтауға ұсынысты Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкіметі, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгiзедi.
3. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.
Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және тапсырмасы бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүшелерi;