Иран Ислам Республикасына iзгiлiк көмегiн көрсету туралы Қазақстан Иран Ислам Республикасында 2003 жылғы 26 желтоқсанда болған жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен адамдарға ізгiлiк көмегiн көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 04.10.04 ж. № 1021 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегi агенттiгi iзгiлiк көмегiн көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен 1 қосымшаға сәйкес материалдық құндылықтарды шығарсын. 1-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі iзгілік көмек көрсету үшiн 2-қосымшаға сәйкес дәрi-дәрмектер мен таңу құралдарын шығарсын. 1-2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі iзгілік көмек көрсету үшін 3-қосымшаға сәйкес шатырлар бөлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi iзгiлiк көмек жүгiнiң Алматы қаласынан Иран Ислам Республикасының Керман әуежайына жедел жеткiзiлуiн қамтамасыз етсін. 3. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне ізгiлiк жүгiн Иран Ислам Республикасына тасымалдаумен байланысты шығыстарды өтеу үшiн 6940000 (алты миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|