|
|
|
Заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын (ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 383 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1014 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнің 519, 520-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары; 2) атыс қаруы мен оқ-дәрілер түрлерiнің тiзбесi; 3) кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 сәуірдегі № 333-21қ қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 24-бабының 1-тармағының 5), 6), 13), 14), 15) және 18) тармақшаларына сәйкес құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiлген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары
1. Төраға, оның кеден органдарының құқық қорғаушылық қызметi мәселелеріне жетекшілiк ететiн орынбасары. 2. С-КБА-1 Орталық аппарат департаментiнiң бастығы. 3. С-КБА-2 Орталық аппараттың департаментi бастығының орынбасары. Бастық: облыстың, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің. 4. С-КБА-3 Бастықтың орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің. Орталық аппарат басқармасының бастығы. 5. С-KБA-4 Орталық аппараттың басқарма бастығының орынбасары. Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығы. Кеден бекетiнің бастығы. 6. С-KБA-5 Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығының орынбасары. Кеден бекетi бастығының орынбасары. 7. С-КБА-6 Орталық аппараттың бөлiм бастығы. 8. С-КБА-7 Бөлiм бастығы: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. 9. С-КБА-8 Орталық аппараттың бас инспекторы. 10. С-КБА-9 Бөлiм бастығының орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. 11. С-KБA-10 Орталық аппараттың жетекшi инспекторы. Бас инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. 12. С-KБA-11 Аға инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. 13. С-KБA-12 Инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. 14. С-КБА-13 Кiшi инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 383 Қаулысымен тізбе толықтырылды
Атыс қаруы мен оқ-дәрiлер түрлерiнiң тiзбесi 1. Атыс қаруының түрлерi: 1) «Байкал 442», «Макаров ПМ-9 тапаншасы» 9 мм тапаншалары; 2) «ИЖ-81, Mosberg» 12 калибрлi тегiс ұңғылы мылтықтар. 2-1) 9 мм РСА TКБ-0216 Кобальт бұйымы револьверi. 2. Оқ-дәрiлердiң тyрлерi: 1) тапаншаларға 9 мм оқ-дәрiлер; 2) тегiс ұңғылы мылтықтарға 12 калибрлi оқ-дәрiлер. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысымен бекiтілген
Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесi
1. Арнаулы құралдар: 1) оқ өткiзбейтiн кеудешелер; 2) «БР-С бұйым» қол кiсендерi; 3) арнаулы резеңке таяқтары; 4) көк және сары түстi сәулелi шамшырақтар; 5) қозғалысты реттеуге арналған таяқшалар мен көлiк құралдарын тоқтатуға арналған қызыл жарық шағылыстырғышы бар дискілер; 6) үй-жайларды ашуға арналған қондырғылар; 7) «ЕЖ», «ШИП» үлгiсiндегi көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған қондырғылар; 8) жедел радиобайланыс құралдары; 9) GPS «Магеллан» үлгiсiндегi спутниктiк қадағалау құралдары; 10) "Черемуха" үлгiсiндегi көзден жас ағызатын заттар (газдар).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |