Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 256 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 256 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операциялар және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету туралы ережелерді бекіту туралы» 1997 жылғы 25 шілдедегі № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 415 тіркелген, 1997 жылғы 24-29 қарашада, 1997 жылғы 1-6 желтоқсанда, 1997 жылғы 8-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді. 4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|