|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ "салааралық" деген сөзден кейiн және өңiраралық" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын: "6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;"; мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5) тармақшалармен толықтырылсын: "7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау; 7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу; 7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру; 7-5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу;"; 10-тармақтың 21) тармақшасындағы "қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;"; 4) тармақшадағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер "мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |