|
|
|
"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу Бұрынғы редакцияларды қара Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі" бөлiмiнде: "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы 132" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми- практикалық орталығы 165". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |