Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей *Келісім 2003 жылғы 15 сәуірде күшіне енді Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және медицина саласындағы дәстүрлі байланыстарды қолдау мен дамытуға ұмтылуды назарға ала отырып, ұзақ мерзімді және тұрақты негізде өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықта екі Тараптың мүдделілігін ескере отырып, мынаған келісті: Тараптар халық денсаулығын нығайту мен сақтау саласындағы ұлттық бағдарламаның басым міндеттерін шешудегі ынтымақтастықты дамытады. Тараптар денсаулық сақтау ұйымдарымен, сондай-ақ одан әрі "ынтымақтастықтағы ұйымдар" деп аталатын денсаулық сақтау органдарымен тікелей байланысты кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тараптар денсаулық сақтау мен медицинаның мынадай салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытады: - ересектер мен балаларға бастапқы және мамандандырылған, сондай-ақ стационарлық (немесе қайтара) медициналық көмек көрсету; - мемлекеттік санитарлық-экономикалық қадағалауды жүзеге асыру; - халық денсаулығын нығайту және медициналық алдын-алу; - фармация және медициналық техника, оның ішінде өндіріс; - санаторийлық-курорттық емдеу және оңалту; - қоғамдық денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын нығайту; - ғылыми әзірлемелерді бірлесіп өткізу; - ақпараттық базаны, оның ішінде денсаулық сақтау қызметіндегі ақпараттық қамтамасыз етуді күшейту; - медициналық сақтандыру; - денсаулық сақтау жүйесін реформалаудағы басымдылықтарды әзірлеу; - медициналық статистика; - төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарының алдын алу және жою; - жедел ақпараттар алмасу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|