"Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын құру туралы "Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрi Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi Қазақстан Республикасында мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгізу, әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаражатты уақытылы аудару, уақытша бос қаражатты қаржы құралдарына Қазақстан Республикасының ?кіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы орналастыру, жыл сайын аудит жүргізу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|