Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.»; 2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 3-тармақтағы «келісімдерді, басқа да» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтағы «және пайдаланумен» деген сөздер», пайдаланумен және көрсетумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» және «оларға» деген сөздер тиісінше «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» және «оған» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың екінші абзацы «шетелдік» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың екінші абзацы «халықаралық» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»; 10-тармақтағы «құқығы бар» деген сөздердің алдынан»;»белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|