|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеде: 3-тармақ: "Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi" деген сөйлеммен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн: Құлекеев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және Жақсыбек Әбдiрахметұлы ғылым министрi Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат Сауытбек Абдрахманұлы министрi Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Нұрлан Әділұлы министрлігі халықаралық ұйымдар және қауiпсiздiк проблемалары департаментiнiң директоры, бас хатшы Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ермек Әмiрханұлы вице-министрi Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау вице-министрi Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi Әуезов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұрат Мұхтарұлы кiтапханасының бас директоры (келісім бойынша) мынадай: "Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Қайрат Қуатұлы вице-министрi, төрағаның орынбасары Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Дүйсен Қорабайұлы ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрi Северский - География институтының директоры, Игорь Васильевич ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөнiндегі ұлттық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Иманғали Нұрғалиұлы хатшысы, төраға (келісім бойынша) Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет Дүйсен Қорабайұлы министрi Северский - География институтының бас ғылыми Игорь Васильевич қызметкерi, ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөнiндегі ұлттық комитеттiң төрағасы (келісім бойынша)"; көрсетiлген комиссияның құрамынан: Шәмша Көпбайқызы Беркiмбаева, Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Ержан Хозеұлы Қазыханов, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов, Олег Григорьевич Рябченко, Мұрат Қабдылжаппарұлы Мұсатаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Роза Аманғалиқызы Бердiғалиева шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |