|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта: 3-тармақтың 1) тармақшасында «бастауыш» және «орта» деген сөздерден кейiн «кәсiптiк» деген сөзбен толықтырылсын; 5-тармақта «2,45» деген сандар «3» деген санмен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік білім гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалады»; 7-тармақта «студенттерге,» деген сөзден кейiн «магистранттар мен оқушыларға» деген сөздермен толықтырылсын; 26-тармақта: бірінші абзацта «магистранттарға,» деген сөзден кейін «аспиранттарға, докторанттарға және» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзацта «магистранттар» деген сөзден кейін «, аспиранттар, докторанттар» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |