Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: тақырыптағы және 1-тармақтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде: тақырыптағы және кiрiспедегi «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын; екiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он екiншi абзацтардағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздермен толықтырылсын; он екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтіндегі «есептеледi» деген сөздiң алдынан»;»белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның iшіндегі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi жұмыс стажы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|