|
|
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері (2017.30.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын: «2026 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы; «2039 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы; «2040 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы; «2087 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының Бейнеу кенті; «2456 «б» әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 28 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |