|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн."; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында: "Бағдарламаны iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: реттік нөмiрi 1.5-жолдың 5-бағанындағы "2003 жылдың 4 тоқсаны" деген сөздер "2004 жылғы 30 сәуiр" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |