Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы (2009.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 17 ақпандағы № 110 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары бекітілсін. ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 216 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі (келісім бойынша): 1) осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзім ішінде мәліметтерді қалыптастыру және беруге жауапты тұлғаларды айқындасын; 2) жауапты тұлғалардың құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер орын алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (М.Н. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|