ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 236-I бұйрығымен бекітілген
Тартымдық жылжымалы құрамның қызметету мерзімін ұзарту 1. Осы Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) тартымдық жылжымалы құрамның (бұдан әрі ТЖҚ) жасаушы тағайындаған қызмет ету мерзімін ұзарту және техникалық жай-күйіне, жөндеуіне және қабылдау-тапсыру сынақтарының орындалуына зерттеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Ереже ТЖҚ-ны заңды негіздерде иеленуші жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - иеленуші) қолданылады. 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) күрделі жөндеу - негізгілерін қоса, бұйымдардың кез келген бөлшектерін алмастыру немесе қалпына келтіру арқылы ресурстарының жарамдылығын толық немесе толық қалпына келтіруге жақын (қалпына келтіру) үшін орындалатын жөндеу; негізгі бөлігі ретінде бұйымдарды бұйымның, оны құрастыруға және басқа бөліктерін орнатуға арналған негізгі бөлігін түсінеді; 2) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-1) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу; 3) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту және жаңғырту жөніндегі күрделіжөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-2) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу және ол ҰКЖ-1 болып орындалады, бірақ бұл ретте ТЖҚ-ның негізгі тораптары мен агрегаттарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіледі; 4) консервация - мақсаты бойынша пайдаланылмаған бұйымды, берілген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету арқылы оны орналастыру үшін бөлінген жерде берілген жай-күйде ұстау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|